• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Басылым 23 Қазан, 2025

Бала тәрбиесінің бағдары

30 рет
көрсетілді

Бала тәрбиесі баршаға ортақ. Өйткені ұрпағы озық жұрттың жағасы қисаймайды. Осы мақсат мүддесіне сай танымал педагог, ұлағатты ұстаз Күләш Шамшидинованың бала тәрбиесіне ар­налған «Үздік. Балаға қалай көмектескен жөн? Мек­тепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді.

Қазақ және орыс тілінде жарық көрген оқулықтың басты ерекшелігі – бүгінгі ата-аналарды мазалайтын ең маңызды сұрақтарға жауап таба аласыз . Атап айтар болсақ: 

– Мектепті қалай таң­даған жөн?

– Тек «бестік» бағаға ұм­тыл­ған дұрыс па?

– Цифрлы дәуірде оқу­шыны қалай ынталандырамыз?

– Мұғаліммен кикілжің туса не істеу керек?

– Баланы қажытып алмас үшін қайткен жөн?

– Ата мен әже неліктен білім мен мейірімнің қайнар көзі саналады? – атты тақы­рыптарды қамтыған.

«Бұл туынды бүгінгі тәр­бие мен білімнің ең өзек­ті мәселесін қозғайды. Ба­ланы оқуда қалай қол­дау керектігін, оның міндет­тері мен демалысының ара­сындағы теңгерім қандай болу тиістігін, өзіне сенім­ділікті қалай сіңіру қа­жет­тігін қарапайым тілмен әрі нақты мысалдармен тү­сіндіреді. Сонымен қатар баланы қайткен күнде де озат қылып тәрбиелеу туралы емес, өмірден өз орнын таба алатын, жауапкершілікті түсінетін, бақытты, табысты адам тәрбиелеу хақын­да жазылған. Баланы шын мә­нінде үздік қылатын нәрсе –  осы»,  дейді кітап авторы.

 

Соңғы жаңалықтар