• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

АҚШ-та 25 жыл түрмеде жазықсыз отырған азаматқа $6 млн. төленеді

362 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 маусым. Нью-Йорк билігі кісі өлтірді деген айыппен сотталып, 25 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталған азаматқа 6,25 млн доллар төлейтін болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Джонатан Флемингтің айғақты дәлелін прокурорлар мойындағаннан кейін оны өткен жылы түрмеден босатқан. Нью-Йорк қазынашысы Скотт Сингер: «Біз әрине, қапаста отырған жылдарын қайтарып бере алмаймыз. Тек Нью-Йорк оған қатысты жасаған әділетсіздігі үшін өтемақы ұсына алады», – деді. Осыдан тура 25 жыл бұрын Джонатан кісі өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, сот үкімімен ол бас бостандығынан айрылған болатын. Сол уақытта прокурорлар күдіктінің қылмысқа қатысы жоқ айғақ затын жасырып қалған. Айта кетейік, Джонатан Флемингте нақты айғақ – Нью-Йорктегі орын алған кісі өліміне дейін бес сағат бұрын төленген Флорида қонақүйінің чегі болған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».