АЛМАТЫ. Алматы қаласының полицейлері есірткі саудасымен айналысқан әйелдің қылмысын әшкереледі. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктіні қолға түсіру барысында тәртіп сақшылары оның заңсыз жолмен тапқан үш миллион теңгесін тәркіледі.
Хабарламада 47 жастағы азаматша аса ірі көлемде есірткі затын сақтап, сатумен айналысып келгені айтылған. Полицейлер күдіктінің үйінен екі тіркелмеген травматикалық тапанша, 45 патрон, үш велосипед, планшет, ноутбук, алты алтын бұйымдарын және ақшалай 2 млн. 751 мың теңге тәркіледі.
Талғат Райымбек.
Дерек: қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: kaz.gazeta.kz.