• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

Әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

233 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Алматы қаласында болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Сапар барысында Б.Сапарбаев бірқатар білім беру нысандарын аралады. Атап айтқанда, вице-премьер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Алматы мемлекеттік бизнес колледжі басшылығымен және студенттерімен кездесті. ҚазҰУ-да Б.Сапарбаев ғылыми-технологиялық паркте болып, онда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында вице-премьерге оңтүстіккореялық әріптестермен бірлесіп жасалған медициналық диагностикалық орталық мүмкіндіктері көрсетілді. Алматы ЖОО-лары ректор­лары­ның өңірлік кеңесінде қазақстан­дық университеттердің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабі­леттілігін арттыру мәселесі ұсы­нылды. Оған қатысушылар білім беру сапасын арттыру, еңбек рыногы сұ­ра­ныстарын зерттеу, сондай-ақ, ел эко­номикасының салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылады. Күннің екінші жартысында вице-премьер бірқатар спорттық және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс алаңдарында болып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткізуге Алматының дайындығы барысымен танысты. Одан кейін болған кеңесте Алма­тының спорттық инфра­құ­ры­лымын да­мыту, 2017 жылғы Уни­вер­сиадаға дай­ындық мәселе­лері қаралып, Халық­аралық олим­пиадалық комитеттің Баға­лау комиссиясы сапарының қоры­тын­дылары туралы есеп тыңдалды. Кеңесті қорытындылай келе, Б.Са­пар­­баев Универсиада-2017-нің нысан­­дары құрылысын сапалы және уақ­тылы аяқтау қажеттігін, бұл мәсе­ле­лердің үнемі Мемлекет басшысы назарында тұрғанын атап көрсетті.