• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

Қазақстан үлгісі жоғары бағаланған жүздесу

268 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Қазақстанның Мажарстанмен қарқынды және жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Жоғары палатаның басшысы мейманды Парламенттің заң шығару қызметімен таныстыра келіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындау туралы мәселені қарауды өтінген Сенатта қабылданған үндеу туралы хабардар етті. Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасы барша халықтың қызу қолдауына ие болып, қазақстандық қоғамда оң пікірлер туғызғанын атап өтті: «Халықаралық ахуал шиеленісе түскенде және жаһандық экономикадағы дағдарыстар күшейген қазіргі жағдайда біздің Президент кепілі болып табылатын ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету аса маңызды», деді ол. Халықаралық мәселелерді, атап айтқанда, Украинадағы ахуалды талқылай келіп, жүздесушілер ұлттық экономиканың өзара байланыстары жағдайында санкцияларды енгізу ушықтыруға апаратынын айтты. Тараптардың пікірінше, қайшылықтарды еңсеру, өзара тиімді шешімдер іздестіру мен ымыраға келу мақсатында Еуропалық одақ пен Ресей арасындағы сындарлы үнқатысуды жаңғырту және нығайту қажет. Қ.Тоқаев украин шиеленісін реттеу жөніндегі Қазақстан Президентінің белсенді қызметі туралы хабардар етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев П.Сийяртоны 2015 жылғы 10-11 маусымда өтетін бесінші Съезге әзірлік туралы хабардар етті. «Съезд бейбітшілік пен даму жолында діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің үнқатысуына арналады», – деді Сенат Төрағасы. П.Сийярто қазіргі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында аса маңызды болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін жоғары бағалады.