• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

339 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 24 маусым. Қазақстан журналистер одағының жергілікті филиалы БАҚ қызметкерлері мерекесі қарсаңында аудандық, облыстық, республикалық қалам иелері арасында спорттың футбол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, волейбол, дартс және тоғызқұмалақ түрлерінен спартакиада ұйымдастырды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. Аққайың ауданының «Оқжетпес» лагерінде өткен шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, аудан әкімі Дәурен Байтөлешев сөз сөйлеп, жылы тілектерін арнады. Құрамында 160 журналист бар 10 команда бірінші күні футбол, шахмат, үстел теннисі және жеңіл атлетикадан бәсекелесті. Екінші күні волейбол, дартс, тоғызқұмалақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есепте ең көп ұпай жинаған «Первый северный» телеканалы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға аудандық газеттердің, үшінші орынға меншікті тілшілердің командалары жайғасты. Спартакиаданың өтуіне «Қызылжар су», «Шағала-Агро», «Акс», «Нептун» секілді фирмалар мен серіктестіктер мұрындық болып, демеушілік көрсетті. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz