• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

Қостанайға Қытай инвесторлары келді

280 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 маусым. Қостанайға  Қытай Халық Республикасының  белгілі инвестициялық Zhongfu Investment Group Limited Company компаниясының  және Алматыдағы  «Kaz Grain Food Almaty» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің өкілдері келді. Олар облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесті. Бұл туралы  облыс әкімі  баспасөз қызметінің хабарына сүйене отырып, egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесуде қытайлық Zhongfu Investment Group Limited Company компаниясының басқарма төрағасы Ли Чифэнг, Jiaxin International Resources Investment Limited (Hong Kong)Лю Личиан, «Kaz Grain Food Almaty» ЖШС директорлар кеңеснің төрағасы Бауыржан Баймұхамедов және Қостанай облысы әкімінің  орынбасары Сергей Карплюк,  ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының асшысы Ерлан Спанов болды. Тараптар ынтымақтасудың, ауыл шаруашылығына қытай инвесторлары қаржысын салудың және  майлы зығыр өсіретін және оны терең өңдейтін жоғары деңгейде біріктірілген компания құрудың екі жаққа да тиімділігін талқылады. Алдын ала шамаланған инвестиция көлемі 500 миллион доллар болады. Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысы соңғы жылдары өз өндірісінің күшімен  өсімдік майының тапшылығын жеңді, оның 30 пайызы экспорттаатынын айтты. Сонымен қатар   алдағы уақытта да майлы дақылдар алқабын кеңейтіп, оның өнімін өңдеуге облыс  әлеуеті жетеді. Биыл майлы дақылдар алқабы 360 мың гектарды құрады, бұл барлық себілген дәнді дақылдардың 80 пайызын құрайды. Ли Чифэнг: «Біз ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуы мақсат тұтып отырмыз. Қытайдағы май өндірісі – 80 пайыз импорт ресурстан  тұрады. Үкіметтің күш салуына қарамастан елде 20 пайыз  азық-түліктік өсімдік майы жетьіспейді.  Біз Қостанай облысы  бұл бағытта инвестиция салуға қолайлы өңір деп білеміз», деді. Қонақтар Қытай үкіметінің қаулы шығарып, қорға Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтасуға рұқсат берген, сөйтіп Қазақстанда ауылшаруашылығын дамытуға 1,6 миллиард доллар көлемінде қаржы бөліпті. Zhongfu Investment Group Limited Company қорының ұсынысымен Қостанай облысында зығыр өсіретін, өңдейтін және тұқым дайындаумен айналысатын кәсіпорындар құрылатын болады. Жұмыс орындарына жергілікті кадрлар алынатын болады. Кездесуде Қостанай облысы әкімиаты мен Zhongfu Investment Group Limited Company қоры арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Біз ынтымақтасып жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің облыста біздің мамандармен жұмыс істейтін жұмыс тобын құру керек деп ойлаймын. Жыл сайын қанша инвестиция салынды, өндіріс көлемі қандай болуы керектігін анықтайтын арнайы бағдарлама жасалуы тиіс» деді. Нәзира Жәрімбеова. Дерек, сурет: egemen.kz