• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

Жаңа әуе жолдары

284 рет
көрсетілді

Көкшетау әуежайы республикаішілік жаңа әуе жолдарын ашты. Енді қала тұрғындары мен қонақтары «Ақтау – Көкшетау – Ақтау» бағытымен күн сайын ұша алады. Сондай-ақ, жұмасына екі рет «Атырау – Көкшетау – Атырау» бағытымен сапар жасау мүмкіндігі туды. Енді халықаралық әуежай ұшақтары төрт бағытта қатынайтын болады. Жоғарыда аталған рейстерді «SCAT» Әуекомпаниясы» АҚ CRJ-200 ұшақтарымен атқаратын болады. Әуе сапарларының уақыты жолаушылардың Ақтау және Атырау әуежайлары арқылы Солтүстік Кавказ, Ресей, Түркия және бас­қа елдерге ұшуын жалғастыруға қолайлы. Көкшетау әуежайы 2013 жылы толық қайта құрылып, әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады және ол І дәрежелі халықаралық талаптарға толық жауап береді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.