Қазақстан-Ресей шекарасында есірткілік затты жасырын өткізбек болған азаматша ұсталды.
Еліміздің батысындағы Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 20 миллилитрлік сұйық апиынды жасырып өткізуге тырысқан 37 жастағы әйелді ұстады.
«Ақтөбе-Орск» бағытында келе жатқан автобусты шекаралық бақылаудан өткізген шекара наряды бір әйелдің қол жүгінің ішіне салынған джинси шалбарының қалтасынан 2 флакон «Тропикамид» дәрісін тапты. Әрбір флаконның салмағы 10 миллилитрден екен. Ал оның ішіндегісі сұйық апиын болып шықты, дейді ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ішкі істер органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
сурет : http://bnews.kz