• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

7,5 миллиард теңге қайтарылды

212 рет
көрсетілді

Атырауда бюджеттің қар­жысын қымқырып, қалтасына басып алуды көздейтіндер аз емес. Әйтеуір солардың бір­қатары қырағы көзді про­­курорлардың назарына ілініп қалыпты. Мәселен, облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың мәлім етуін­ше, былтыр мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында 7,5 миллиард теңге залал өндіріліп, бюджетке кірістелген. Иге­рілмеген жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғастырылып, алып-сату жолдарына шектеу қою арқылы жалпы құны 2 миллиард теңге болатын 2500 гектарлық 86 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Сол сияқты, мемлекеттік сатып алу заңдылығын қадағалау бойынша енгі­зілген актілер негізінде 2 конкурстың күші жойылып, сомасы 2,2 миллиард теңге залалдың алды алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде 29 лауазымды тұлға тәртіптік, 9 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Енді әзірге мұрты майланып жүргендердің де күні ертең тұзаққа түсіп, темір торға қамаларына бек сенімдіміз. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. Сурет: altaynews.kz.