«Қазгидромет» мамандары қараша айының соңғы күндерінде Қазақстанда ауа райы қанай болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталса, солтүстікте жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі.
«Қарашаның аяқталып қалғанына қарамастан, еліміздің оңтүстігінде жылы және шуақты күндер сақталады. Күндізгі температура +13…+18 градусқа дейін көтеріледі», делінген болжамда.
Ал солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жылдам жылжитын солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.
Сонымен қатар температура климаттық норма шегінде сақталады: түнде –0…–5 градус аяз, күндіз 0…+5 градус жылы күтіледі.