• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2015

Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

422 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 9 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі – Бауыржан Байбекті таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл лауазымға Бауыржан Байбек тағайындалса, Ахметжан Есімов басқа қызметке ауысуына байланысты қала әкімі қызметінен босатылды. Бауыржан Байбек бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германиядағы Гете институтын неміс тілінің маманы (Бремен қаласы, 1995), «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы жоғары мектепті педагог (1998), Орталық Азия университетін халықаралық экономист (2002) мамандықтары бойынша бітірген. «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы, «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы, 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және тағы басқа жарияланымдардың авторы. Б.Байбек 1999 жылдан - Қазақстанның Германиядағы Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы Қазақстан елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы, 2002 жылдан - Президент Әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, 2003 жылдан - Президент хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - хаттама жетекшісі, 2009 жылдың тамыз айынан Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2013 жылғы 1 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің төрағасы (2008 жылдан),  Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесініңтөрағасы (2010 жылдан), С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі болды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.