ПЕТРОПАВЛ. 20 ақпан. Петропавлдағы вокзал аумағында православие ғибадатханасы пайдалануға берілді. Бұл туралы дін істері жөніндегі департаменттің мамандары хабарлады.
Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Петропавл және Булаев епископы Владимир қатысып, мінәжәт етушілерге өз тілектерін арнады.
150 орынға лайықталған храмды салу жұмысы 2013 жылы басталып, жеке адамдардың, кәсіпкерлердің қаржылық демеуімен өз есігін айқара ашты. Енді діндарлар қатынауы қиын Ойқала жаққа сабылмайтын болды. Мұнда «Жұмысшы» кенті, «Бензострой» ықшамаудандарының тұрғындары келіп, құлшылық ете алады.
Бұрын бұл жерде теміржол шіркеуі болған. Алайда, кеңес үкіметі кезінде бұзып тасталған. Арадағы бір ғасырға жуық уақыттан кейін әділдік қайтадан қалпына келтірілді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облысының дін істері жөніндегі департаменті.
Сурет: bnews.kz.