• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2015

Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болды

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 тамыз. Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады. Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында туған. «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы. Ахметжан Есімов 1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, 1994 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары, 1996 жылдан - Мемлекеттік хатшы, 1996 жылдан - Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы, 1998 жылдан - Президент Әкімшілігінің жетекшісі, 1998 жылдан - Қазақстанның Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, 2001 жылдан - Ауыл шаруашылығы министрі, 2002 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі, 2004 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары, 2006 жылдың қаңтар айынан Ауыл шаруашылығы министрі болып қызметтер атқарды. 2008 жылдан бері Алматы қаласының әкімі болып келді. 2008 жылдан - «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы. «Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Ақорданың баспасөз қызметі.