АСТАНА. 10 тамыз. Жапон инженері әлемдегі сөмкеге салып, алып жүре беруге болатын бірінші машинаны ойлап тапты. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Қалайыдан жасалған көлік құралы негізі 120 килоға дейінгі салмақты көтере алады. Көлемі планшеттің ауқымынан аспайды.
Ал көлікті жүргізу үшін оның платформасына шығып тұрса болды. Ал бұрылар кезде денені соған қарай икемдесе, жетіп жатыр.
Жаңа транспорт құралы литий батареясының күшімен жұмыс істейді. Оны 3 рет зарядтап алса, 12 шақырымға дейін жол жүре алады.
Көліктің барынша жоғары жылдамдығы – сағатына 10 шақырымға тең. Өзінің құны болса, 800 доллар тұрады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz