• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

Атыраудың үш судьясы тәртіптік жазаға тартылды

263 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 20 ақпан. Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Атырау судьяларының үшеуі тәртіптік жазаға тартылғанын мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Былтыр Атырау облысындағы судьялардың үшеуі тәртіптік жазаға тартылды. Атырау облысынан Жоғарғы Сотқа түсетін арыздардың 82 пайызы экономикалық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты болып отыр. Аудандық соттардың 9 ісі бұзылды. Осындай кемшіліктер Атырау облыстық сотының рейтингін 13-ші орынға жылжытты», деді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми облыстық соттар корпусымен өткізген кеңесте. Ол Атырау облыстық сотына жаңадан тағайындалған төраға Марғұлан Бектұрғановқа өрескел кемшіліктерді болдырмау жөнінде арнайы тапсырма берді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.