• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2015

Атырауда 90 жас отбасыға пәтер берілді

304 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. Атырауда «Жас Отау» бағдарламасымен бой көтерген 90 пәтерлік жаңа тұрғын үйге осынша жас отбасы қоныстанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әдетте жас отбасылардың жаңа баспана бақытына ие болуы қиын. Әсіресе, 30 жасқа дейінгілер алдымен пәтер кезегіне тұрып, баспанаға қол жеткізуді бірнеше жылдап күтеді. Бірақ, жас отбасыларды бұл тығырықтан шығарып, қуанышқа кенелтетін амал бар екен. Оны Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Жас Отау» бағдарламасын іске асыру арқылы тапты. Сөйтіп, бұдан екі жылдай бұрын өңір орталығында 90 жас отбасына арналған тұрғын үй құрылысы басталған еді. Өткен аптада мұнайлы Атыраудың ғана емес, тұтас елдің өркендеу келешегіне әр саладағы қажырлы еңбегімен өзіндік үлесін қосып жүрген 90 жас отбасы зор қуанышқа кенелді. Оларға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жергілікті құрылыс кәсіпорны тұрғызған жаңа тұрғын үйден екі бөлмелік 30, бір бөлмелік 60 пәтердің кілтін тапсырды. Жиырма тоғыз жасқа толмаған, әрі екі балалы жас отбасылардың мүшелері алуан түрлі мамандықтың иелері, мәселен, Саламат Қайыров білім беру, Меруерт Жаймағамбетова денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүр. Ал Нұрлан Азаматов жастар ұйымына жетекшілік етеді. Бұлардан өзге мемлкеттік қызметкерлер де, әскерилер де баспана бақытын сезінді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.