• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

«Эйр Астана» курсанттары Еуропаның жетекші ұшқыштар мектебін тәмамдады

287 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 20 ақпан. «Эйр Астана» әуе компаниясының 9 курсанты Корк халықаралық әуежайында орналасқан AFTA (Atlantic Flight Training Academy) Еуропаның жетекші ұшқыштар мектебінде коммерциялық әуе жолдарының ұшқыштарды дайындау курсын сәтімен тәмамдады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Корк халықаралық қонақ үйінде жақында өткен түлектерге сертификаттарды тапсыру рәсіміне мектеп директоры Марк Кейси, «Эйр Астананың» өндірістік сұрақтар бойынша аға вице-президенті Энтони Реган, «Эйр Астананың» ұшқыштар құрамын оқыту бойынша директоры Филиппос Сиаккас қатысты. Қазақстандық түлектер 2009 жылы әуе тасымалдаушы іске қосқан ab-initio ұшқыштарды алғашқы дайындау бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтті және 3 айдан соң әуе кемесі түріне қайта оқытудан кейін олар екінші ұшқыш ретінде жұмысқа кіріседі. Биыл жазда Қазақстаннан AFTA мектебін 100-ші түлек бітіреді. Қазіргі таңда аталған 15 айлық бағдарламаны 150 адам өтіпті. Оның ішінде «Эйрбасты» – 75, «Боингті» – 39, «Эмбраерды» 23 адам басқарады. Ал 13 жас ұшқышты әуе кемесінің түріне қайта оқыту күтіп тұр. Тағы 7 жаңа оқушы 2015 жылдың наурызында дәріс алуға кіріседі. Оқу Еуропаның FTE Jerez (Испания) және АFTA (Ирландия) үздік ұшқыштар мектебінде өткізілмек. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: «Эйр Астана» корпоративтік коммуникациялар департаменті.