• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2015

Жастар ұстанымы айқын

441 рет
көрсетілді

Кеше «ҚазМедиа» орталығында ҚХА Кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасына орай, кезекті брифинг ұйымдастырылды. Оған «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры Ғани Сұлтанұлы, атқарушы директордың орынбасары Айдын Сәбитов, сондай-ақ, бірлестіктің өкілдері Ерлан Қыстаубаев пен Әлия Сәрсекеева және Данияр Медетов қатысты. «Қазақстан жастары Конгресі» еліміздің алдыңғы қатарлы жас­тар ұйымдарының бірі ретінде ҚХА-ның мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы бойынша өз ұстанымын білдіруді маңызды деп есептейді. Елімізде саяси-әлеуметтік тұрақ­тылық, этнос­аралық және кон­фессия­аралық келісім сақта­лып келеді. Еліміз­дің мықты экономикалық іргета­сы қалыптасқан. 2014 жылғы әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономикалық өсім 4 пайызды құрайды. Азаматтардың әл-ауқа­ты күннен-күнге артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда, өңірлерде де экономикалық өсім байқалуда, деп бастады өз сөзін Ғ. Сұлтанұлы. Сондай-ақ, ол әлемде күрделі жағдай қалыптасып келе жатқанына, бұл, ең алдымен, дүниежүзіндегі экономикалық жүйенің тұрақсыздығынан туындап отырғанына, қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі көп елде артқанына, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық жиі байқалатынына тоқталып өтті. Мемлекет басшысының бас­тамасымен «Нұрлы Жол» бағдар­ламасы іске асырылып келеді. Алдын ала құрылған Ұлттық қордың арқасында дағдарыс кезінде еліміз ең алдымен, эконо­микалық, әлеуметтік салаларды қолдауға мүмкіндік алатын болады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жолдар салына бастады. Инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. Бүгінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу Қазақстан қоғамында, оның ішінде жастар арасында кеңінен талқылануда. Біз бәріміз мерзімі­нен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы толықтай қолдай­мыз. Дәл қазір сайлау өткізу қоғамда тұрақтылық пен бірлікті сақтауға жағдай жасайды. Бұл – алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды қадам. Бұл сайлауды өткізу «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыт­тарын іске асыруды қамтамасыз етер еді. Сондықтан, «Қазақстан жас­тары Конгресі» әрдайым ­елі­міздің тұрақты дамуы мен өркен­деуіне бағытталған баста­ма­ларды, соның ішінде жастар­ға жағдай жасауға, олардың өмі­рін жақсартуға бағытталған бас­тамаларды әрқашан қолдауға дайын екендігін білдіреді, деді «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры. Атқарушы директордың ор­ын­басары Айдын Сәбитов те дү­ние­жүзіндегі экономикалық жағ­дай тербелмелі күйде тұрған­дықтан, сарапшылардың баға­лауынша, оның салқыны бірнеше жылға созылатынын тілге тиек етті. «Сон­дықтан, мұндай жағдайда ел­дегі саяси-экономикалық тұ­рақ­тылық пен қоғамдағы бірлікті сақтау үшін дұрыс саяси бағдар ұстану айрықша өзекті болар еді, деді А.Сәбитов. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА. Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.