• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2015

Алда маңызды міндеттер тұр

200 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Қо­жам­жаров Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоның алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды. Қазақстан Президенті елдің ор­нықты өсімі мен тұрақтылығын қам­тамасыз ету үшін мемлекеттік аппа­раттың тиімділігін одан әрі арт­тырудың маңыздылығына тоқ­талды. Агенттік төрағасы, сондай-ақ, Жаңа мемлекеттік қызмет мо­де­лінің тұжырымдамасында белгі­ленген реформалардың бірінші кезеңін бағалау және мониторинг қорытындылары туралы баяндады. Жүзеге асыру кезінде барынша пысықтауды және кешенді тәсілдерді қажет ететін бірқатар шаралар атап өтілді. Атап айт­қанда, мемлекеттік қызметке ірік­теудің ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін сапалы бағалауды енгізу, олар­ды оқыту және ынталандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсы­ныстар жасалды. Қ. Қожамжаров агенттік жұмы­сының мемлекеттік қызметтің бар­лық кезеңінде таланттарды бас­қа­рудың қағидаттары мен тетік­терін енгізу сияқты тұжырым­да­малық жаңа бағыттары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шаралары туралы да айтылды. Оның аясында Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім берудің барлық деңгейінде және түрлі мақсатты топтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеу қарастырылған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.