• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2015

Ел ертеңін бүгін ойласақ ұтамыз

205 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің үндеуін

қолдаған қазақстандықтардың ортақ ойы осындай

Қазақстан Республикасының Президенті –  Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ел ішінде болып жатқан оқиғаларды күнделікті көріп, біліп отырмыз. Әлемдегі экономикалық дағдарыстың тигізер салдарына қарсы жасалып жатқан шаралар көкейге қонады. Халықты қиындыққа ұрындырмай, әлеуметтік ахуалдың қалыпты жағдайда тұруына күш салынуда. Осындай кезеңде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі Ассамблея Кеңесінің ұйғарымын, мен, орынды деп ойлаймын. Бұл – уақытында жасалған ұсыныс болды. Сондықтан бастаманы бүкіл қазақстандықтар қызу қолдап жатыр. Оның ішінде Өзіңіз жете көңіл бөліп, әрі ұдайы назарда ұстайтын зиялы қауымның ықыласы бөлек. Ол іс, расында да, ертеңге қалдырмай, бүгін шешуді қажет ете­тін мәселе. Күн ілгері сайлау циклін өткізіп алсақ, Үкімет те, халық та дағдарысқа қарсы бағдарламаларды алаңсыз жүзеге асырар еді. Мұны барша қауым дұрыс түсініп, толық қолдайды деп сенемін. Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.