Қазақстанда 2026 жылы жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өседі. Бұл АЕК мөлшерінің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған республикалық үшжылдық бюджетке сәйкес, 2026 жылы бір АЕК 4 325 теңге болып бекітілді. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 393 теңгеге көп. Осылайша, Полиция департаменттері қолданатын барлық айыппұл санкциялары да автоматты түрде қымбаттайды.
Жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл мөлшері төмендегідей болады:
– 10-20 км/сағ аралығында асыру – 5 АЕК (21 625 теңге); – 20-40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 теңге); – 40-60 км/сағ – 20 АЕК (86 500 теңге); – 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).
5 АЕК көлеміндегі (21 625 теңге) айыппұл мына жағдайларда салынады:
– Жүргізуші куәлігінің немесе сақтандыру полисінің болмауы; – Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу; – Қауіпсіздік белдігін тақпау; – Рұқсатсыз телефон пайдалану; – Алдыңғы әйнектерді заңсыз қарайту; – Техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқару.
10 МРП (43 250 теңге) айыппұл көзделеді:
– Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізу; – Тоқтау немесе автотұрақ ережелерін бұзу; – Тыйым салынған жерде кері жүру; – Бағдаршамның қызыл түсіне немесе реттеушінің тыйым салуына бағынбау; – Теміржол өткелінен тыйым салынған жағдайда өту.
15 АЕК (64 875 теңге) айыппұл салынады:
– Жол беру міндетін орындамау; – Тротуармен, жаяу жүргіншілер жолымен немесе шеткі бөлікпен жүру; – Тежегіш, руль, тіркемелік құрылғысы ақаулы көлікті басқару; – Арнайы рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті жүргізу.
Бұдан да жоғары айыппұлдар:
– Жол-көлік оқиғасына әкелген жол қауіпсіздігі талаптарын бұзу – 20 АЕК (86 500 теңге); – Полиция қызметкерінің тоқтау талабын орындамау – 30 АЕК (129 750 теңге); – Жалған немесе қолдан жасалған нөмірлермен көлік жүргізу – 20 АЕК (86 500 теңге); – Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу – 50 МРП (216 250 теңге).
2026 жылғы айыппұлдардың өсуі АЕК көрсеткішінің өзгеруіне сәйкес барлық құқықбұзушылықтарға қатысты санкциялардың қайта есептелетінін білдіреді.