• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2015

Рустам Ибраев Гран-при сайысының қола жүлдегері болды

531 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 ақпан. Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при сайысында қазақ дзюдошысы Рустам Ибраев қола жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жарыстың алғашқы күні кілемге шыққан Рустам 60 кило салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бірінші белдесуінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді вазари әдісімен жеңді. Келесі тартыста жапон палуаны Наохиса Такатоны иппонға түсіріп, таза жеңіске қол жеткізді. Ал ширек финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джинге есе жіберіп, қарсыласының финалға шығуын тіледі. Қуанышымызға орай, кәріс спортшысы шешуші айқасқа жолдама алып, Ибраев жұбаныш белдесуде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Бұл сында қазақ дзюдошысы франциялық Винсент Лимарені таза жеңіспен жеңсе, қола медаль үшін болған тартыста Грузия сенім артқан Амиран Папинашвилиді де иппонға түсірді. Осылайша, Рустам жарыстың алғашқы күні ел қоржынына қола жүлде салды. Бұл салмақта тағы бір жапониялық дзюдошы Тори Шишиме жеңімпаз атанды. Ол финалда Ким Вон Джиннен айласын асырды. Шишиме алғашқы айналымда біздің Елдос Сметовты жеңіп, Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарғанын айта кетейік. Дәл осы күні кілемге шыққан Айгүл Байкөлева (48 кило) мен Жансай Смағұлов (66 кило) ширек финалға жете алмады. Еламан Қоңыр. Дерек egemen.kz. Сурет: vk.com.