• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2015

Қостанайда корей жаңа жылы атап өтілді

373 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Қостанайдағы Е.Өмірзақов атындағы филармонияда корей диаспорасы өздерінің жаңа жыл (Соллаль) мерекесін атап өтті. Осы мереке аясында диапора өкілдері жәрмеңке және концерт ұйымдастырды. Бұл туралы ng.kz хабарлады. Филармония фойесінде корей халқының ұлттық костюмін киген қыздар қонақтарды қарсы алды. Корей асханасы ерекше салаттарымен, дәмді тағамдарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, осы жолы корей диаспорасы өкілдері халықтық өрнегі бар бұйымдармен және шығыс нәзіктігін бейнелеген суреттермен келушілерді таңқалдырды. Құрылғанына 15 жыл толған «Ен коди» ансамблі ән әуелетті. Корей диаспорасы басқармасының мүшесі Лариса Цхай: «Корей жаңа жылы туыстық қарым-қатынасты сақтау дәстүрін дәріптейді. Бұл мерекеде туыстар ата-анасының немесе отбасында үлкен бауырдың үйіне жиналады. Мерекеге дайындық бір ай бұрын басталады, өйткені корей асханасы күрделі, тағамдарды дайындау ұзақ еңбекті қажет етеді. Біздің халықтың сенімі бойынша осы күні өлгендер біршама уақытқа жерге қайта келеді, тамақтан ауыз тиеді деп есептеледі. Сол үшін столдың үстінде кемінде 20 түрлі тағам болуы тиіс. Әсіресе, мереке дастарханы күріштен жасалған ттоккук сорпасынсыз болмайды. Осы сорпаны ішкен кісі бір жасқа өсті деп есептеледі. Оны денсаулығы жақсы болуы үшін балаларға береді», деді. Соллаль отбасылық мереке саналады. Бұл күні ата-анасымен қатар, қайтқан туыстарының рухына тағзым етеді. Мерекеде адамдар бірін бірі құттықтайды, балалар үлкендерге сәлем беріп, олардың батасын, сыйлығын алады. Кештетіп туыстар көшеге шығып, қағаздан жасалған жыландар ұшырады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz.