АҚТӨБЕ. 23 ақпан. Ақтөбе облысы Қобда ауданында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы орталық қатарға қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл толыққанды кәсіпкерлікті қолдау орталығы болып табылады. Мұнда бизнес өкілдеріне кең ауқымды қызметтер көрсетіледі. Орталықта кәсіпкерлікті қолдайтын әр түрлі институттардың, тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының мамандары, заңгерлер орналасады. Заңгерлер кәсіпкерлерге құқықтық-заңнамалық кеңес береді.
Орталықта бизнес өкілдеріне 20-дан астам қызмет көрсетіледі. Кәсіпкерлікті қолдау орталығында «Қазагромаркетинг» АҚ, облыстық кәсіпкерлер палатасы Қоба аудандық филиалының кеңесшілері, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, сәулет, қала құрылыс және құрылыс, жер қатынастары бөлімдері қызмет көрсететін болады. Бұдан басқа кеңесшілер бизнес жоспар жазуға көмектеседі әрі кәсіпкерлерге туындаған мәселелер бойынша түсінік береді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bnews.kz.