• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Желтоқсан, 2025

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа заңнама аясында ЛГБТ насихаты құқыққа қайшы контент ретінде жіктелді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат кулуарында бұл тыйымды бұзғандарға қандай шара қолданылатынын түсіндіріп берді.

Айыппұлдар мен жаза түрлері:

Бірінші рет бұзғандарға: 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса (рецидив): Айыппұл көлемі артады немесе құқық бұзушы 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

«Тиісті шаралар тек ресми арыз түскен жағдайда ғана қабылданады. Мысалы, азаматтар e-Otinish порталы арқылы шағым түсіре алады, содан кейін ғана мазмұнды бағалау процедурасы басталады», деді Евгений Кочетов.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты заңға түзетулер енгізіледі

Еске сала кетейік, тыйым тек ЛГБТ-ға ғана емес, сонымен қатар педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды дәріптейтін кез келген материалдарға (БАҚ, кітаптар, іс-шаралар) қатысты.

 

 

Соңғы жаңалықтар