• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2015

Жамбыл облыстық сотына төраға тағайындалды

404 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 ақпан Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасы Рүстем Мырзакәрiмұлы Алшынбаевты ұжыммен таныстырды. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады. «Рүстем Алшынбаев кәсіби судья, тәжирибелі басшы. Бірқатар өңірлерде алқа төрағасы болып еңбек етті. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қалалық сотының алқа төрағасы болды», – деп атап өтті Қ. Мәми. Жамбыл облыстық сотының бұрынғы төрағасы Марғұлан Жұбанышұлы Бектұрғанов Атырау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Қ. Мәми М. Бектұрғановтың сот төрелігінің сапасын арттыруға және сот беделін нығайтуға үлкен үлес қосқанын айтып өтті. Іс-шара соңында Жоғарғы Сот төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында облыстың судьялар корпусының алдында тұрған басым бағыттарды, сондай-ақ сот жүйесінің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жөнінде бірқатар міндеттерді айқындап берді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.