АЛМАТЫ. 11 тамыз. Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек 960 орындық химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тұсауын кесті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Айтулы мектептің табалдырығын аттау үшін 8 000 бала іріктеу сынына түсіп, байқауда бағын сынады. Барлығы 790 бала Тұңғыш Президенттің білім саласындағы «Өркен» грантын ұтып алды.
Балаларға күллі еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік 140 мұғалім дәріс береді. Бұл білім ордасы Алматы қаласы бойынша екінші Назарбаев мектебі екенін айта кетейік. Ал бүгінде Қазақстанда осындай 18 мектеп бар.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.