АҚТАУ. 23 ақпан. Маңғыстауда дүниеге келген үшемге Мұқағали, Төлеген және Шәмші деген есімдер берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің жалпы салмағы 5 кг. құраған. Бір жарым ай дәрігерлердің бақылауында болған ұлдар мен анасының қазіргі жағдайы жақсы, сондықтан босану үйінен шығарылып, өз үйлеріне – Бейнеу ауданына жол тартты. Бұған дейін 13 жастағы ұл өсіп жатқан шаңыраққа қосылған үш ұлға туыстары қазақтың белгілі тұлғалары Мұқағали және Төлеген ақындардың, сондай-ақ Шәмші сазгердің есімдерін еншілетті.
– Сәбилер кесері тілігі арқылы алынды. Қазір сәбилердің де, 40 жастағы анасының да жағдайы жақсы, – дейді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Жаманбаева.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.