АСТАНА. 23 ақпан. Украинаның шығысындағы Харьков қаласында орын алған жарылыстың салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, оннан аса адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Оқиға жексенбі күні украин билігін қолдаушылардың қатысуымен болып жатқан шара барысында болған. Бұл туралы жергілікті милицияның дерегіне сүйенген Reuters хабарлады.
Украина билігі енді бұл оқиғаның жалғасы республиканың басқа қалаларына жалғасып кетпесе екен, деп қауіптенеді.
Елдің шығысындағы ең үлкен қалада тіркелген теракт бұдан бір жыл бұрын Киевте президент Виктор Януковичке қарсы бас көтеру кезінде қаза тапқан 100 адамды еске алуға арналған шараның кезінде орын алды.
Мұрат Айтқожа.