• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2015

Қарағандыда Ұлттық ұланның сарбаздарына шабуыл жасалды

203 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 11 тамыз. Қарағанды қаласындағы Майқұдық шағын ауданының тапаншамен қаруланған тұрғыны көше тәртібін қадағалап жүрген Ұлттық ұланның сарбаздарына шабуыл жасаған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Майқұдықтағы аулалардың бірінде арақ ішіп отырған 20 жасар азамат Ұлттық ұланның сарбаздарын көре салып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Тәртіп сақшылары оны қуып жеткен кезде, бұзақы қойнынан тапаншасын суырып алып, оқ атуға әрекеттенеді. Шапшаң қимылдаған сарбаздар оған қарсы жекпе-жек әдісін қолданып, қолына кісен салған. Тексеру барысында күдіктінің қолдорбасынан өзіндік исі бар өсімдік заты, екі пышақ, ара және оқ салынған қорапша табылды. Тәртіп бұзушыны қолға түсіру кезінде ешкім зиян шекпеді. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: nur.kz.