• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2015

Сыртқы істер министрлігі Ресеймен жер алмасуды жоққа шығарды

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 ақпан. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстанға өзара жер алмасу жөнінде ұсыныс жасағаны туралы ақпараттарға қатысты түсінік берді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. «Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы В. Назаровтың Қазақстанмен территория алмасу бойынша ұсынысы туралы ақпаратқа назар аудардық. ҚР мен РФ арасындағы мемлекеттік шекараны демаркацияға қатысты мәселелер тек қана  Бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссияның құзыретіне жататындығын хабарлаймыз. Осы комиссиядағы РФ делегациясы Қазақстанға мұндай ұсыныс жасаған жоқ», - делінген хабарламада. Ведомстваның ақпараты бойынша, Ресейлік тарап ұсыныс жасайтын болса, мәселе қалыптасқан келіссөздер үдерісі және халықаралық тәжірибеге сәйкес қарастырылатын болады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық БАҚ -та Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров Қазақстанға Ресейдің оңтүстігіндегі бірнеше жер телімін беруді ұсынды. Есесіне ол Қазақстаннан Омбы - Русская Поляна тас жолының 10 шақырымға жуық учаскесін сұрайды деген ақпарат жарияланған болатын. Мұрат Айтқожа.