Француздар жаңа жыл қарсаңында сыйлықтарын күтіп жүргенде, хакерлер La Poste жүйесіне «соққы» жасады. Қазіргі уақытта компанияның ресми сайты жұмыс істемей тұр, ал сәлемдемелерді онлайн қадағалау мүмкін емес.
Рождество түнінде (24-нен 25-не қараған түні) болған бұл шабуыл пошта бөлімшелерінде үлкен кезектер мен наразылықтар тудырды. Қызметкерлер әрбір тұтынушыға жағдайды түсіндіріп, жұртты сабырға шақырумен әлек.
Кибершабуыл тек поштамен шектелмей, компанияның банктік жүйесін де жетті. Клиенттер мобильді қосымшаға кіре алмай, төлемдерін ескі әдіспен − SMS-растау арқылы ғана жасап жатыр. Дегенмен, La Poste басшылығы халықты тыныштандырып, «жеке деректер ұрланған жоқ» деп сендірді.
Айта кетерлігі, желідегі алғашқы ақаулар 20 желтоқсанда-ақ байқалған. Мамандар бұл ерте басталған «барлау» ма әлде кездейсоқ сәйкестік пе деген сұрақтың басын ашып жатыр.