Елбасы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақфильм» киностудиясында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және кино өндірісі үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, «Қазақ елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы бұдан кейін тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Жұлдыздар осылай туады» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.
«Қазақфильм» – республикамыздың жаңғыртудан кейін сапалы кино өнімдерін шығару мүмкіндіктері арта түскен басты кино өндірісі орны.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.