АҚТАУ. 23 ақпан. Маңғыстау облысының Мұнайшы ауылында 14 жасар мүгедек қызды зорлады деген күдікпен Өзбекстан республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үй-үйді аралап, шаңсорғышқа жарнама жасап келген жігіттен қыз үйде анасының жоқ екендігін, мұндай мәселелерді өзі шеше алмайтындығын, сондықтан үйден шығуын талап еткен. Қыздың үйде жалғыздығына көзі жеткен жігіт қызға шабуыл жасап, зорлап, оқиға орнынан бой тасалап кетеді. Психоневрологиялық есепте тұратын қызының жағдайына көз жеткізген 38 жастағы анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінеді, дәрігерлер қыздың зорланғандығын дәлелдейді. Құқыққорғау орындарына шағымданған анасының арызы бойынша күдікті ұсталады, ол 22 жастағы Өзбекстан республикасының азаматы болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау ұстау абақтысына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.