• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Желтоқсан, 2025

Жәнібектің табысы

10 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бүгінге дейінгі мансабында қомақты қаржы табыс тапқан. Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бо­йынша әлем чемпионы атанған боксшының жалпы табысы шамамен 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бұл мәліметті спорт саласындағы шетелдік SurpriseSports порталы жария­лады. Сарапшылардың мә­ліметінше, Әлімханұлының табысы тек жекпе-жектерден алынған гонорармен шектелмейді. Оған телетрансляция үлесі, демеушілік келісімдер мен жарнамалық табыстар да кіреді.

7 желтоқсанда отандасымыз WBA тұжы­рымы бойынша «алтын белбеу» иегері, кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістіруге тиіс болған. Алайда жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда Жәнібектің ағзасынан рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектердің ізі анықталғаны хабарланып, кездесу ресми түрде тоқтатылды.

 

Соңғы жаңалықтар