Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйелдердің саны артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Облыста жұмыс істеп тұрған 36 мыңнан артық ШОБ-тың 43 пайызын әйел кәсіпкерлер басқарады.
Әйелдер басқарған бизнестің 45,8 пайызы көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. Бұлардың саны шамамен жеті мыңға жуық. Сонымен бірге әйелдер қызмет көрсету саласында да белсенділік көрсетуде. Әйелдер басқаратын барлық бизнестің 14 пайызы осы салаға шоғырланған.
Сонымен қатар әйелдер ауыл шаруашылығы саласында да белсенді еңбек етуде. Облыстағы әйелдер басқаратын бизнестің 8,6 пайызы аталған салада орын алған.
Солтүстік Қазақстан облысы