• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

«Қазақстан энциклопедиясы» веб-порталы ашылады

375 рет
көрсетілді

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Еуразиялық интеграция институтының директоры, «Саясаттанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанаргүл Құсманғалиева мен Заманауи даму институтының директоры Оразғали Селтеевтің қатысуымен «5 институттық реформа мемлекеттілікті нығайту үшін» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Мәслихат барысында сөз алған институт директоры Ж.Құс­манғалиева: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жобасы елімізді жар­қын болашаққа жетелейді. Он­дағы барлық тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Ел­басы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену міндетін алға қойып отыр, осы жолда бізге эконо­микалық ынтымақтастыққа мүше елдердің стандарттары  бағыт береді», – деді. Сондай-ақ, ол қоғамда Мемлекет басшысы айқындап берген «100 қадамның» түзген міндет-жоспарлары жоғары деңгейде бағаланып, еліміздегі этностар арасында бірыңғай ұлттық та­тулық орнатуға басымдықтар бе­ріл­гендігі жөнінде тоқталып өтті. Тағы бір айта кетерлігі,  «Менің елім» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда жоғары технологиялық танымдық «Қазақстан энциклопедиясы» веб-порталы ашылмақ. Бұл порталда 3D нұсқадағы сапарларды тамашалауға болады екен. Олар – Қазақстан бойынша виртуалды турлар. Оның ішінде Қазақстан тарихы мен мәдениеті жөнінде ақпарат, қызықты фактілер, анық­­тамалық географиялық дерек­тер­мен толықпақ. Онда қазақстан­дық­тармен қоса, туристер де сайт­қа еркін кіріп, еліміз туралы қызық­ты ақпараттарға қаныға алады. Тақырып шеңберінде: «Бұл жобаны жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Желіде көптеген жобалар бар. Сондай-ақ, бұл сайтта Қазақстан туралы барша ақпарат жинақталады және осында соңғы буынды технологияларды ескере отырып, инновациялық қадамдар пайдаланылады», – деп түйіндеді сөзін Жанаргүл Құсманғалиева. Ал Оразғали Селтеев рес­пуб­ликалық патриоттар форумын өткізу аясында «Жыл патриоты» байқауының номинанттарын марапаттау өтетіндігі жөнінде мәлімдеді. «Елбасы жариялаған «Бірегейлік және бірлік» инсти­тут­тық реформасы аясында республикалық патриоттар форумы өткізіледі. Оның шеңберінде «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясын қоғамдық талқылау болады», – деді ол. Іс-шара азаматтық қоғам өкіл­дерінің, ғалымдар және жетекші сарап­шылардың қатысуымен конфе­ренция форматында өтеді. Соны­мен қатар, форум жұмысына Қазақ­станның түкпір-түкпірінен әртүр­лі мамандық өкілдері қаты­сады. «Бұл нақты істерімен ел дамуы­на үлес қосып отырған нағыз пат­риоттар», – деп атап өтті О.Селтеев. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.