• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

Шынайы достықтың жарқын көрінісі 

299 рет
көрсетілді

Жуырда Әбу Дабиде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ахмед Жұма әз-Зағабимен кездесіп, екі мемлекет қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдету төңірегінде пікір алмасты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Қазақстандық дипломат Дубай халықаралық қаржы орталығы үлгісі негізінде Аста­на халықаралық қаржы орталы­ғын құру туралы Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасын бірлесіп іске асыру екіжақты ынтымақ­тас­тыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Ахмед Жұма әз-Зағаби өз кезегінде Астанада бой көтеріп келе жатқан «Әбу Даби Плаза» кешенін екі ел басшылары арасындағы шынайы достық­тың және қарқынды мемлекетара­лық ынтымақтастықтың жар­қын белгісі ретінде бағалады. ­Со­ны­­мен қатар, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті ­Н.На­зарбаев пен БАӘ Прези­денті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның арасындағы өз­ара уағда­лас­тықтың арқа­сында Астана қаласында Қазақстан-Әмірліктер зияткерлік орта мектебінің құрылысы басталды. Шейх Халифа атындағы Қайы­рымдылық қоры 13 млн. АҚШ доллары көлемінде тегін грант бөліп, мектеп құры­лы­сы­ның жобасын Астана қаласы әкім­дігімен бірлесіп іске ­асыруда. Кездесу соңында Қ.Лама Шариф сұхбаттасына Қазақ­­стан Республикасы Консти­ту­ция­сы­ның 20 жылдығына арналған ме­рекелік шараларға қатысуға қазақстандық тараптың ресми ша­қыруын табыс етті. Шақыру зор ризашылықпен қабыл алынды. «Егемен-ақпарат».