Қазақстандағы мектептердің инфрақұрылымын жаңарту және орын тапшылығын жою жұмыстары шешуші кезеңге өтті. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебекова Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарылған ауқымды істерді баяндап, биыл 141 жаңа білім ордасының есігін айқара ашқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады