АСТАНА. 23 наурыз. Аргентина археологтары ІІ дүниежүзілік соғысының аяқталар тұсында неміс ұлтшылдарының қашып келіп, бой тасалаған мекенін тапты. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Бұл ұлтшылдар тұрағы елдің солтүстігіндегі адам аяғы сирек басатын ну-тоғайдың ішінде орналасқан екен.
Буэнос-Айрес университетінің зерттеушілері әлгі жерден 1938 жылы шығарылған неміс монетін және «Германияда жасалған» деген белгісі бар фарфор тәрелкін кезіктірген.
Археологтардың жетекшісі Даниэль Шавелзон: «ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Германия билігіндегі ұлтшылдар өздерінің басына іс түсер күн туған жағдайда жан сақтау үшін адам аяғы баспаған жерлерге осындай тұрақ-жайлар салған», дейді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: gazeta.kz.