• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Тұтастық пен татулыққа апарар бағыт

311 рет
көрсетілді

Қоғам арасында қызу талқыланып жатқан президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты жылы қабылдап, мол ықыласпен қолдап отырған өнер қайраткерлері БАҚ өкілдеріне өз мәлімдемесін жария етті. Еліміздің бірқатар өнер адамдары Еркін Қасенов, Қуандық Қыстықбаев, Ғани Құлжанов, Светлана Фортуна қатысқан басқосуда төрағалық еткен Тұңғышбай Жаманқұлов референдум аясында біршама ақпараттармен бөлісті. «Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының ұжымы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдайтынын білдіреді», дей келе, Одақ төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов бүгінде тіл, руханият, дәстүр, ұлттық құндылықтар сияқты бабалардан мирас болған мұраларды дамытуға бағыт-бағдар белгіленгенін атап көрсетті. Ал осының аясында  асыл мұратқа барар жолда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бой көтерді,  ол – Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық әлеуетімен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізуге үндейді, деген Одақ төрағасы бұл ретте «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы өз жемісін бергендігін айтып өтті.  Сондай-ақ, Т.Жаманқұлов осы тұрғыда Одақ қай кезде де елімізде сахналық өнерге қатысты салалардың дамуына атсалысып келеді. Қазіргі таңда өнер саласы үлкен дәрежеде дамып отыр. Сахна өнерінің дамуына, жалпы мәдениет саласының өркендеуіне мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетілуде, деді. Сонымен қатар, әлемде жаһандық қаржы-экономика­лық тұрақсыздық орын алған жағдайда елдің тұтастығы бас­ты қағидалардың бірі, дей келе, осы дағдарыстан сүрінбей өту – бәріміздің ортақ міндетіміз екендігін нақтылады ол. Осының аясында мұндай күрделі ке­зеңдерде мерзімінен бұрын пре­зиденттік сайлау өткізу бастамасы уақыт талабы деп ұғамыз, деген өнер қайраткері өз сөзін бұл – ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы деп білеміз, деп түйіндеді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.
Соңғы жаңалықтар