• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Шахмат федерациясы толыққанды жұмыс істейді

319 рет
көрсетілді

Жуырда еліміздің Шахмат федерациясы басшылығы арнайы жиын өткізді. Онда жалпы федерацияның қызметі және ағымдағы жылғы жоспарлары қаралды. Осыдан біраз бұрын «үнемдеу жағдайына орай федерация қызметін тоқтатады-мыс» деген сыңайлы түрлі әңгіме естілген болатын. Себебі, бұған дейін үнем режіміне көшу, басы артық шығынды азайту және шетелдердегі жарыстарға шығу санын азайту жөнінде мәселе талқыланған. Бірақ бұл федерация жұмысы тоқтайды деген сөз емес. Осыған орай жұртшылыққа теріс ақпарат беріп, дүрліктіріп қойған ҚШФ атқарушы дирекциясының басшылығына ескерту жасалды. Жиында сондай-ақ, федерация өз қызметін уақытша да тоқтатып көрмегені және тоқтатпайтындығы айтылды. Өткен жылы қазақстандық шахматшылар Франция, Бразилия, Грекия, Норвегия, Түркия, Ресей, Иран, Өз­бекстан және БАӘ сияқты ел­дерде өткен 20 турнирлерге қатысқан болатын. 2014 жыл федерация үшін аса сәтті болды. Қазақстанның әйелдер құрамасы бүкіл дүниежүзілік шахмат олимпиадасында 6 орынға ие болды Бұл әзірге құрама команданың ең тәуір нәтижесі. Мұның сыртында, ерлер құрамасы Орталық Азия кубогындағы рапидте жеңіске жетті, ал Динара Садуақасова 18 жасқа дейінгі беделді категорияда әлем чемпионы болды. Ал биылғы жылы біздің шахматшыларымыздың Тайланд, Грекия, Ресей, Өз­бекстан, Қытай және Италияда өтетін халықаралық деңгейдегі 8 турнирге қатысуы жос­парланып отыр. Дегенмен, шах­матшыларымыздың ха­лықаралық жарыстарға са­парға шығуы қысқарғанмен, ел ішіндегі турнирлер саны өзгермейді. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан республикада турнирлер өткізуді ұйымдастыру үшін және спортшылардың 2015 жылы өткізілетін бір­қатар халықаралық жарыс­тарына іссапарға жіберу мақсатында жалпы сомасы 20 млн. теңге қаражат бөлу жос­парланған. Федерацияның белсенді жұмыс жасауы мен Қазақстан шахматшыларын ел ішіндегі және шетелдердегі турнирлерге қатыстыру үшін қосымша қаржы қажет болады. Сондықтан қазіргі уақытта демеушілермен жұмыс жүр­гізілуде. Федерация кең кө­лемде жұмыс атқаратын болады және 2015 жылға жос­пар­ланған барлық шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізілетін болады. «Егемен-ақпарат».