• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2025

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

0 рет
көрсетілді

Павлодарда ғажайып­қа толы Президент шыршасы өтті. Кө­ңілді әрі жарқын мерекеде 200 балаға тәтті сыйлық үлес­ті­ріліп, әрқайсысына 150 мың теңгеден тарту жасалды.

Жаңа жылдық шоу-мерекеге ша­қырылған жас­өспірімдер арасында же­тім, ерекше білім беру қа­жет­тіліктері бар балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық салаларында үздік же­тістіктерге жеткен оқушылар болды. Олардың әрқайсысы үшін бұл күн жы­лы­­­­лық­қа, қам­қор­лыққа және ға­жайыпқа де­ген се­німге толы нағыз ертегіге айналды.

Өңір басшысы Асайын Бай­ханов балаларды Мемлекет басшысы атынан құттықтады. Президентіміздің өскелең жас ұрпаққа үлкен үміт артып отырғанын атап өтіп, балаларды «ақталған сенімнің шамшырағы» болуға шақырды.

Балалар үшін Аяз ата, Ақшақар, Тұлпар, Жылан, Бархан, Қызғалдақ, Домбыра және Қазақ елі бейнесі сынды ертегілік әрі этностық кейіпкерлердің қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдар­лама ұйымдастырылды. Ұлы Дала картасы орталық сим­волға айналған, Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлікті, достық пен бейбітшілікті бейнелейтін әсерлі театрлан­дырылған қойылым ұсынылды.

Әрбір балаға Президенттің атынан құттықтау ашықхаты, кітап, жұмсақ ойыншық, тәтті­лер мен 150 мың теңге ақшалай сертификат тапсырылды.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар