• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2015

Сенат бюросының отырысы

149 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палата бюросының отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары қаралды, деп хабарлады Сенатының баспасөз қызметі. Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «2010 жылғы 9 желтоқ­сандағы Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкі­меті арасындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеу үшін жауапты болып белгіленді. Бюрода, сондай-ақ, Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Соты­ның судьяларын босату және сайлау, Тәуелсіз Мемле­кеттер Достастығының Эконо­микалық Сотының судьясын босату туралы мәселе де қаралды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті ұсынған кандидатураларды тал­қылап, олар бойынша қоры­тын­дылар әзірлеу тапсырылды. Бюро отырысы барысында палатаның алдағы 26 ақпанда өтетін отырысының күн тәртібіне ұсыныс енгізілді.