Жаңа жыл алдында елордада көктайғақ болып, жолдарда көлік кептелісі белең алды. Таңнан бері 100-ден астам жол апаты тіркелгенін полиция департаменті мәлімдеді.
Бүгін тек Арқада емес, елдің басым бөлігінде жағдай осындай. Сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеп, қатқан мұз біртіндеп еріп жатыр.
Астаналық дәрігерлер далаға шығарда ыңғайлы аяқ-киім киіп, абайлап жүруге шақырады. Себебі, көк мұзға омақаса құлап, аяқ-қолын шығарып дәрігерге қаралғандардың саны басым болып тұр.