• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Наурыз, 2015

АҚШ санкция тізімін Немцовтың кеңесімен жасап тұрған

231 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 наурыз. Немістің Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газеті 22 наурыз күні арнайы қызмет органдарындағы өз мәнбесіне сүйене отырып, Ресей саясаткері Борис Немцовтың өлтірілуіне қатысты тағы бір версияны алға тартты. Бұған оппозиционердің Америка билігімен қоян-қолтық жұмыс жүргізіп келгені себеп болуы мүмкін. Бұл туралы немістің Deutsche Welle басылымы хабарлады. Газеттің мәліметіне қарағанда, Кремльдің 2014 жылдың наурызында Қырымды аннексиялап алуына байланысты Ресейдің белгілі саясаткерлері мен кәсіпкерлеріне қарсы санкция тізімін дайындауы барысында Вашингтон ұдайы Немцовтың жеткізіп тұрған ақпарын пайдаланып отырған. Ресейдегі оппозиционер Владимир Милов кісі өлтірудің мұндай болжамы біршама шындыққа сәйкес келеді деп есептейді. Оның сөзіне қарағанда, Путин мен оның айналасы басында аталмыш санкциялар Ресейдің қаржы секторына мұншалықты қатты әсер етеді деп ойламаған. Басылым: «Олар санкцияның осындай қатқыл форматта қолданылып жатқанына баяғыдан Немцовтың жеке өзін кінәлап қойған», - деп, Миловтың сөзінен дәйектеме келтіреді. Бұдан бөлек, Немцов АҚШ-та 2012 жылы қабылданған «Магнитсий тізімі» деп аталатынның қалыптасу барысында да Вашингтонға құрақ ұшып, жәрдем берген. Немістің жоғарыдағы FAS газетінің ақпарынша, саясаткер 2014 жылы Американың республикашыл сенаторлары Джон Маккейнмен және Рон Джонсонмен арнайы кездескен. Кездесу кезінде Немцов кеңейтілген тізімге қосу үшін оларға тағы 12 ресейлік азаматтың аты-жөнін ұсынады. Олардың арасында Путинмен тығыз байланыста жүрген кісілер де болған. «Немцовтың тірліктерін америкалық миллиардер Джордж Сорос қаржыландырып тұрған», - деп жазады газеті бұдан әрі. Былайша айтқанда, атақты «Сорос» қорының егесі Борис Немцовты АҚШ биілігі атынан жалдап алған. Немесе Вашингтонға жалданған саясаткердің бар шығынын осы Дж. Сорос Ақүйдің өтініші бойынша көтеріп келген. Мұрат Айтқожа.