• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 03 Қаңтар, 2026

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

10 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының 12-шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 2 қаңтар күні сағат 21:15 шамасында 12-шағынаудандағы №70 үйде тіркелген.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны анықталған.

«Пәтер ішінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Өрттің шарпыған аумағы 1 шаршы метр. Өрт сағат 21:22-де толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді құтқарушылар.

Оқиға орнында 11 құтқарушы және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт болған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.