• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2015

90

255 рет
көрсетілді

Атырауда «Жас отау» бағдарла­ма­сымен осыншама жас отба­сына жаңа пәтер берілді Әдетте жас отбасы­лар­дың жаңа баспана бақытына ие болуы қиын. Әсіресе, 30 жасқа дейінгілер алдымен пәтер кезегіне тұ­рып, баспанаға қол жет­кізуді бірнеше жылдап күтеді. Бірақ, оларды бұл тығырықтан шығарып, қуанышқа кенелтетін жағдай бар екен. Оны Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Жас отау» бағдарламасын іске асыру арқылы тапты. Сөйтіп, бұдан екі жылдай бұрын өңір орталығында жас отбасыларына арналған тұрғын үй құрылысы басталған еді. Өткен аптада мұнайлы Атыраудың ғана емес, тұтас елдің өркендеу ке­ле­шегіне әр саладағы қажырлы еңбегімен өзіндік үлесін қосып жүрген 90 жас отбасы зор қуанышқа кенелді. Оларға облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов жергілікті құрылыс кәсіпорны тұр­ғызған жаңа тұрғын үй­ден екі бөлмелік 30, бір бөлмелік 60 пәтердің кілтін тапсырды. 29 жасқа толмаған, әрі екі балалы жас отбасылардың мүшелері алуан түрлі мамандықтың иелері. Мәселен, Саламат Қайыров білім беру, Ме­руерт Жаймағамбетова денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүр. Ал Нұрлан Азаматов жас­тар ұйымына жетекшілік етеді. Бұлардан өзге мем­лекеттік қызметкерлер де, әскерилер де баспана бақытын сезінді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».