АҚТАУ. 24 ақпан. Маңғыстауда онкологиялық ауруларға арналған аурухана құрылысы 2016 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы egemen.kz і хабарлады.
Көлемі 2 млрд. 200 млн. теңге құраған бұл нысанның құрылысы 2009 жылы басталған болатын. Құрылыс бітпей, керісінше өңірде онкологиялық аурулармен ауыратындар саны артып келеді. Сондықтан, 2015 жыл облыста онкологиялық аурулармен күресу жұмыстары белең алмақ. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік сынақ жұмыстары жүрмек, бұл жұмыс аяқталысымен құрылыс жұмыстары басталмақ. Аталмыш аурухана құрылыс үшін биыл 1 млрд. 200 млн. теңге бөлінген. Ал онкодиспансер басшылығы болса, қажетті құрал-жабдықтардың тізімін жасаумен айналысуда. Келер жылы ашылатын жаңа диспансерде компьютерлік томография, үш жұмыс орынды сандық рентген және құжаттарды электронды сақтау орталығы болу керек дейді мамандар.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.